2013 жылдың 16 сәуірі, Алматы - Таяуда Қазақстан Түркиядағы жылжымайтын мүлікті сатып алатын көшбасшы елдердің тізіміне кіруі мүмкін. Шетелдіктердың жылжымайтын мүлікті сатып алуы туралы өзара түсіністік қағидасын алып тастайтын заң қабылданғалы бері (2012 жылдың тамызы) Қазақстан азаматтары Түркия Республикасында 57 жылжымайтн мүлік нысанын сатып алды. Осы жөнінде бүгін Қазақстан Баспасөз клубында өткен арнайы баспасөз мәжілісінде Sinan Insaat (Синан Иншаат) құрылыс компаниясының өкілі мәлімдеді.
Осыған орай баспасөз мәжілісіне келесі тұлғалар қатысты:
Александра Соколова - Sinan Insaat компаниясының Қазақстандағы басқарушысы (Sinan Invest инвестициялық құрылыс холдингінің құрылымдық бөлімшесі);
2012 жылдың тамызынан бастап Түркияда шетелдіктердің жылжымайтын мүлікті сатып алуы туралы өзара түсіністік қағидасын алып тастайтын заң күшіне енді. Қазақстан түріктің жылжымайтын мүлігін ешқандай шектеусіз сатып алуға құқылы 129 елдің тізіміне енді.
«Қазіргі күні бірінші мүлік иесінің отбасы мүшелері елде тұруға рұқсатты ала отырып, Қазақстан азаматтары жеке тұлғаның атынан жылжымайтын мүлікті сатып ала алады. Елде тұру рұқсатын алу үшін түрік елшілігіне жылжымайтын мүлік меншігін растайтын куәлікті, паспорт пен сауалнаманы тапсыру қажет. Жылжымайтын мүлік меншігін растайтын куәлік Түркия аумағына меншік иесінің жеке өзі барған жағдайында ғана рәсімделеді. Рәсімдеу барысында меншік иесінің атына салық органында салық төлеушінің нөмірі және банкте шот ашылады. Құжаттарды рәсімдеу кадастр палатасында жүргізіледі. Қазір жылжымайтын мүлік иелері үшін жағдайды жеңілдететін заңнамалық өзгерістер енгізілуде», - деп атап өтті Sinan Insaat компаниясының Қазақстандағы басқарушысы Александра Соколова.
Соколова ханымның сөзінше, 183 елдің инвесторлары 2012 жылы жалпы аумағы 1162 мың шаршы метрге тең түріктің 2578 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған. Түркиядағы жылжымайтын мүлікті көбінесе Германия азаматтары сатып алған. 561 неміс азаматына жалпы аумағы 789 мың шаршы метрге тең түріктің 775 жылжымайтын мүлік нысаны тиесілі. Көшбасшылардың үштігіне ағылшындар мен түріктер кіреді. Ресей Федерациясының азаматтары үшін 2008 жылдан бастап жеке тұлғаның атына жылжымайтын мүлікті сатып алу рұқсат етілген. Ресейдің азаматтарына Түркиядағы 416, ал Ұлыбританияның азаматтарына 365 жылжымайтын мүлік нысаны тиесілі; ресейліктер мен ағылшындарға тиесілі жылжымайтын мүліктің жалпы аумағы 118 мың шаршы метрге тең. Қазақстан азматтары 2012 жылдың аралығында 57 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған, сондай-ақ, Түркия шетелдік инвесторлар қатарында қазақстандықтардың үлесі артады деп болжап отыр.
«57 жылжымайтын мүлік нысанының 15-сі Мерсин облысында сатып алынған. Бұл Қазақстан азаматтарының тұруы және инвестиция құюы үшін жаңа аймақ болып табылады. Мерсин облысындағы ірі құрылысшы болып біздің компания Синан Иншаат табылады. Компания Жерорта теңізінің бірінші жағажай желісінде өзінің құмайт жағажайлары бар апартаменттерді салумен айналысады», - деп атап өтті Sinan Insaat компаниясының Қазақстандағы басқарушысы.
Тұрғын үй кешендерінде аквасаябақ, бассейн, хамамдар, сауналар, спорт және балалар алаңдары, паркинг, дүкендер, мейрамханалар, сән салондары, дәріханалар секілді демалу мен тұрақты тұруға арналған бүкіл инфрақұрылым бар. Кешендердің аумағы қоршалған және қорғалады. Барлық кешендер бүкіл кешендердің инфрақұрылымын тегін пайдалануға рұқсат беретін бірыңғай клубтық жүйеге біріктірілген. Клубтық жүйеге жалпы ұзындығы 7 шақырымды алып жатқан жағажай желісінің бойында салынған 12 кешен кіреді. 7 кешен қазір әртүрлі құрылыс кезеңінде салыну үстінде.
Салынып жатқан кешендегі апартаменттердің құны бір шаршы метр үшін 600 еуродан басталып, жиһазы мен техникасы бар салынып қойылған кешендегі бір шаршы метрі үшін 850 еуроға дейін жетеді. Қабатқа қарай үстеме бағаны төлеу жоқ. Апартаменттердің аумағы 75 шаршы метрден 195 шаршы метрге дейін құрайды. Коммуналдық төлемдер жылына 380 еуродан 500 еуроға дейін құрайды.
Меншік иесі үйінде жоқ болған уақытта пәтер басқарушы компанияның қарауында болады, сондай-ақ, компания апартаменттерді жалға беру және жылжымайтын мүлік пен меншік иесінің мүлігі үшін материалды жауапкершілікті өз мойнына алады. Меншік иесінің жалға беруден түсетін табысы маусым кезінде тәулігіне 80 еуродан 160 еуроға дейін және маусымаралық кезеңде айына 600-1200 еуроны құрайды.
Синан Иншаат сатып алуға ниет білдіргендерге арнап тегін таныстырылымдық сапарларды ай сайын ұйымдастырып тұрады. Сапар барысында кешендер, олардың инфрақұрымы, аймақтың көрнекі орындары мен инфрақұрылымы көрсетіледі.
Компания туралы
Синан Инвест құрылыс-инвестициялық холдингнің құрамына кіретін Sinan Insaat (Синан Иншаат) түрік құрылыс компаниясы 1980 жылы Түркияның Кайсери қаласында құрылды. Компанияның қожайындары отбасы Yukselgungor болып табылады. Компания президенті - Адем Юксельгюнгор.
Қазіргі күні Синан Иншаат компаниясының құрамында Түркия, Германия, Бельгия, Ресей, Голландия және тағы да басқа елдерде қызмет жасайтын 3000 мыңнан аса қызметкер еңбек етеді. Қазақстан азаматтарына жеке тұлға атына жылжымайтын мүлікті сатып алуға рұқсат ететін заң күшіне енгелі бері Қазақстанда, Алматы қаласында (Республика алаңы, 13,525А оф.) офис ашылды. Sinan Insaat түрлі қызмет бағыттары бойынша бүкіл әлемдегі жүздеген компаниямен қызмет жасайды.
Холдинг 12 еншілес компаниядан тұрады: Sinan Insaat компаниясының Asmay Insaat және Sinanoglu Insaat екі құрылыс компаниясы, цемент зауыты, Lugano Mobile жиһаз фабрикасы, Syhman Insaat, Globus, Kargi Insaat, Nys Insaat, Senar, Sezai Serin секілді көлік тасымалдаушы компаниялар.
Sinan Insaat инвестициялық құрылыс холдингі осы күнге дейін Түркияда тұрғын үй және коммерциялық кешендер құрылысына қатысты көптеген ірі жобаларды атқарып шықты. Қазір Кайсери, Анқара, Ыстамбұл, Мерсин қалаларында құрылыс жүргізуде. Қазіргі таңда компанияға Мерсин облысындағы тұрғын үй кешендері мен қонақ үйлерді салуға арналған жағажайдың бірінші желісіндегі ең үлкен жер аумағы тиесілі болып табылады. Sinan Insaat аймақтағы ең ірі құрылыс компаниясы болып табылады. Салынып біткен 500-1000 пәтерлік 12 тұрғын үй кешені бар, қазір 8 кешен әртүрлі құрылыс кезеңінде салыну үстінде.
Sinan Insaat әлемдік стандарттарға жауап беретін құрылыс саласындағы өзінің сапалы әрі сенімді қызметтерін ұсынады. Өзінің жеке қаржы қорын (несиеге алған қаржысы жоқ), техникасы мен жұмысшыларының (қосалқы мердігерсіз жұмыс жасайды) арқасында холдинг Түркияда өз жағажайы бар ең бәсекелі тұрғын үй кешенін ұсынады. Sinan Insaat жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында осы мүліктерді көру үшін Түркияға ай сайын тегін турларды ұйымдастырады.
Sinan Insaat компаниясының Қазақстандағы офисінің сайты - sinan-insaat.kz
Синан Иншаат 2013 жылдың 23 сәуірінен 26 сәуіріне дейінгі аралықта Алматыда өтетін KIT 2013 көрмесінің қатысушысы болып табылады.